Онлайн сауалнама
- Толығырақ
- Жарияланды 15.11.2021 09:17
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында Egov порталындағы «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік"
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2021 15:39
Мектебімізде ұстаздар күніне орай "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік" салтанатты шара өткізілді. Мереке қарсаңында өзінің Ұстаздық жолында дара жолы бар нағыз Ұстаз деген сөзді өзінің кәсіби
шеберлігін шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрінетін істерімен дәлелдеп, Ұстаз атын биік ұстаған асыл жанмен кездесу кеші өткізілді. Ардагер ұстазымыз мерейлі жас асқарлы 60жасқа зейнеткерлік демалысына шыққан 40жыл ұстаздық еткен, ҚР "Білім саласының үздігі" Дауенова Ғалима Зейнетуллақызы қонақта болды.Кештің мақсаты: "әркімнің өз дара жолы бар, әсіресе Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік" екенін, Ұстаздық жолдың құрметті екендігін дәріптеу. Мерекелік шарамызды құттықтау тілегімен мектебіміздің директоры Жакупова Нурмира Өміржановна сөз сөйлеп ізгі тілегін білдірді. Осы білім ордасында ардагер ұстаз тәрбие ісінің меңгерушісі өзін-өзі тану пәнінен жас ұрпаққа сапалы білім беруде аянбай еңбек етті. Салтанатты жиынға мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты."Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Осы орайда онлайн-құттықтаулар да келіп жетті, түлектерінің құттықтаулары, жас ұстаздардың лебізі, жан жақтан жылы лебіздер келіп жатты. Салтанатты шараның соңы мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарлама өткізілді. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстазға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагер ұстазбен оқушылар сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді.
#ШарбақтыАуданы
#АбайҚұнанбаеватындағыЖалпыОББМ
#ұстазыңдықұттықта
#ұстаздаркүні
@galima_dauyenova
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты ашық сынып сағаты
- Толығырақ
- Жарияланды 05.10.2021 15:34
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты ашық сынып сағаты өтті.Ашық сабақ барысында оқушылар 30жылдық кезең ішінде ҚР Тәуелсіздік жетістіктері туралы,мемлекетіміздің тарихы,елдің даму стратегиясы жайлы айтылды. Іс шарамызға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен "Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті" төрағасының орынбасары Дауенов Ернұр Нұрланұлымен және Ауданымыздың әкімі Абеуов Әзілхан Кәріғұлұлымен кездесіп, Тәуелсіздік ұландары, болашақ ел тірегі ретінде өз ойларын ортаға салды. Ернұр Нұрланұлы: "Бәсекеге қабілетті тұлға" дегеніміз кім? деген тақырыпта оқушыларға кеңестерін ұсынды. "Болашақ кілті –жан-жақты дамыған , бәсекеге қаблетті ұрпақ қолында" дей отырып, сондай қабілетті жеке тұлға болу үшін мектеп қабырғасынан бастап не істеу керек екендігі жөнінде сөз қозғап нақты ұсыныстарын айтты: кітап оқу, IT технологиясын меңгеру, шет тілдерін үйрену, сонымен қатар мамандықты дұрыс таңдау, алдымен мамандықты таңдап, сонан соң сол мамандыққа дайындайтын пәндерді жақсы меңгеру. Сонымен қатар балаларды "ерікті болу"-ға шақырды. Қайырымды болу, өзінен кішілерге мектепте көмек көрсетуден басталатынын да айта кетті. Ауданымыздың әкімі Абеуов Әзілхан Кәріғұлұлы өз сөзінде оқушыларға өзін дамыту, білімге құштар болу, қашықтықтан оқудың тиімділігін пайдаланып, әр түрлі саладан хабардар болып отыру-қазіргі заман талабы екендігін атап көрсетіп, оқушыларға бағыт-бағдар берді. Оқушылар тәуелсіз жетістіктерін мақтанышпен айта отырып, өздерінің алдағы 10-15 жылда елімізге қосатын үлестері жайлы, армандары жайлы айтты. Өздерін әр салада, таңдаған мамандықтары бойынша елестетіп, елімізге өз үлестерін қосатындықтарын айтып, сенімділік білдірді.Ашық сағат соңында мектебіміздің директоры Нурмира Өміржановна қорытынды сөз сөйлеп ашық сабаққа уақыттарын бөліп, ақыл-кеңестерін, тәжіриберелімен бөліскен қонақтарымызға өз алғысын білдірді.
#ШарбақтыАуданы
#АбайҚұнанбаеватындағыОЖББМ
#qazaqstan30
#qazaqstan30jyl
#meninqazaqstanym
@ernur_dauenov
@abeuov_a.k
Балалар электр жарақаттары және олардың алдын алу
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2021 10:59
Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.
Балалардың жарақаттануы - бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема.
Статистика бойынша жарақат негізінен кіші мектеп жасындағы (7-11 жас) балаларда болады. Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) болады.
Жарақаттар үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Әлемде әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп бала өледі.
Балалар жарақаттануының негізгі себептері көп емес:
Негізгісі - нақты жағдайларда қорқынышты ештеңе орын алуы мүмкін емес деп ойлайтын ересектердің бейқамдығы.
Екіншісі-лауазымды тұлғалар немесе балалардың ата-аналары болсын өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ересектердің салғырттығы.
Сонымен қатар, балалардың жарақаттану деңгейіне балалардың тәртіптілігі де үлкен әсер етеді.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті осы мақалада электр тогынан болатын балалардың жарақаттануының алдын алудың кейбір мәселелері туралы баяндайды.
Қауіпті ток
Ең алдымен, электр тогының зақымдану себептерін түсіну керек. Әдетте адамдар 10 кВ (10000 вольт) жабдығы 220 вольттан әлдеқайда қауіпті деп санайды. Бірақ бұл қате пікір. Шын мәнінде электр тогының зақымдаушы факторы кернеуге емес, оның күшіне байланысты. Сондықтан кез келген тұрмыстық құрал қауіпті болуы мүмкін. 10 мА астам ток (0,01 ампер) күшті, ауыр соққы жасай алады, ал 100-ден 200 мА дейін (0,1-ден 0,2 ампер дейін)ток өлімге әкелуі мүмкін!
Бұл ретте, ток күші 10 миллиамперден жоғары болса, бұлшықет тартысы соншалықты күшті екенін білу қажет, бұл зардап шегушінің шок сымын босата алмайды. 20 миллиамперден астам ток кезінде тыныс алу қиындайды және 100 мА жуық ток күшінде толық тоқтайды.
Облыстық акциясы «Жер – Ана»
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2021 10:53
Киелі жерге саяхат
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2021 10:34
Қауіпсіз каникул – 2021
- Толығырақ
- Жарияланды 19.05.2021 17:20
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама